«Қарсы көрсетілімі бар дәрі еккен»: Түркістан облысында ауруханаға өзі барған қыз көз жұмды

15.07.2024, 10:29
928
«Қарсы көрсетілімі бар дәрі еккен»: Түркістан облысында ауруханаға өзі барған қыз көз жұмды бейнежазбадан алынған кадр

Қыздың туыстарының сөзінше, ыстығы қатты көтеріліп, денесі қызарған 10 жастағы қызға дәрігер диагнозды дұрыс қоймаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы Жетісай қаласында ауруханаға барған қыз көз жұмды. Бұл туралы Информбюро бағдарламасы мәлімдеді.

Жібек Есқараның ата-анасы бұған жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісін кінәлап отыр. Қыздың туыстарының сөзінше, ыстығы қатты көтеріліп, денесі қызарған 10 жастағы қызға дәрігер диагнозды дұрыс қоймаған. Сондай-ақ дәрігерлер жасөспірімге қолдануға қарсы көрсетілімі бар дәріні егіп жіберген. 

«Ауруханаға жедел жәрдеммен барған қызымның денесі бір тәулікте үйге қайтты. Үш күн бұрын кішкентай Жібектің мәйітін жер қойнына тапсырдық. Қызуы 40 градусқа дейін көтерілген қызымның диагнозын дәрігер алғашында дөп таба алмады. Қызымның Цеф-3 дәрісіне аллергиясы бар деп қанша ескертсем де дәрігерлер балама екпені салып жіберген. Бір сағат өтер-өтпес қызым судорогі ұстады. Мен айғайладым, көмектесіңдер деп жатырмын, жоғары температурамен түсіп жатырмыз. Дәрігер Айман деген хабар алған жоқ. Реанимацияның дәрігерлері сұрады, преднизолон салдыңдар ма, жоқ бізде деді. Аллергосепт салдыңдар ма, жоқ бізде деді. Сендерде не аппарат жоқ, я дәрі жоқ неғып жүрсіңдер деді дағы реанимацияға алып кетті қызымды. 8 күні кешкі 8-де қызымның денесін алып қайттым ғой мен», – деді марқұмның анасы Райхан Жорақұлова. 

Анасының сөзінше, аудандық орталық ауруханада тегін берілуі тиіс препараттар табылмаған соң айналадағы дәріханаға барған. Айтқандарын айнытпай апарып тұрса да, дәрігерлер қыздың өмірін сақтап қала алмаған. Жансақтау бөліміне түскен 10 жастағы Жібектің жағдайы меңгерушінің кесірінен тіптен күрделеніп кетті дейді әкесі.

«Олар енді әртүрлі сөйледі. Басында жақсы деді, кейіннен ісіп бара жатыр деді. Ауырып бара жатыр деді. Ол жағына жиналып бара жатыр деді сары су. Сомен мен де аң-таң боп қалдым», – дейді марқұмның әкесі Ғабит Аралбаев. 

Ал аурухана басшылығы бұл жағдай бойынша ұжымда ішкі тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Комиссия құрамына сырттан емес, өз мамандары кіріпті. Дегенмен, тексеру әділ болады дегенге сенімсіздік танытқан жағдайда құзырлы органдарға арыз жазсын дейді бас дәрігер.

«ОРВИ ауыр дәрежесі, вирусты мининго энцефолит, инфекциялық токсиктік шок, кома 3 дәрежеде. Сол күні жатқызған соң жағдай нашарлаған. Преднизолон, аллергосепт деген дәрі ол анафилактикалық шок кезінде қолданылатын дәрі. Ол мынадай жай бөлімшеде болмайды. Жұмыс жүріп жатқаннан кейін барлығы 100 пайыз зор болады деп айта алмаймын. Кемшіліктер бар», – дейді Жетісай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жолдасбеков. 

Ата-ана кішкентай қызының өліміне кінәлі дәрігер жазаланса екен дейді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды