2656

Шавкат Рахмонов бапкеріне қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)

Шавкат аталған көлікті тізгіндеп барып, кілтін бірден тренеріне табыстаған.

Шавкат Рахмонов бапкеріне қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) жаттықтырушысы Баян Жанғаловқа көлік сыйға тартты. Бұл туралы Sports.kz. жазды. 

Былғары қолғап шебері Шавкат Рахмонов тренері Баян Жанғаловтың жетекшілігінде ММА бойынша әлем чемпионы атанса, M-1 Global лигасында чемпион титулын жеңіп алғанын сондай-ақ  UFC алаңына шыға бастағанын еске саламыз. 

Дивизионның жаңартылған тізімінде «Номад» лақап атымен танымал қазақстандық спортшы үшінші орында тұр. Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан. Колби Ковингтон бесінші орынға сырғыды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді. Кештің басты айқасында Леон Эдвардс Колби Ковингтонды төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты. 

Материал авторы