Биыл қандай мамандықтарға көп грант бөлінді? – министрлік жауап берді

15.07.2024, 15:10
1141
Биыл қандай мамандықтарға көп грант бөлінді? – министрлік жауап берді kimep.kz

Барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық бағыттарға аса назар аударылады. Осылайша, барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді.

«Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі», - деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Жыл сайын жалпы грант санынан арнайы квота бөлінеді. Биыл да әлеуметтік осал топтарға квота сақталады. 2022 жылдан бастап ауыл квотасы 35% болып бекітілген.

Атап өтетін жайт, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) талапкерлері негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинаса, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен грант конкурсына қатыса алады. 2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді.

2022 жылдан бастап беделді халықаралық пәндік олимпиада, жарыс, конкурс жүлдегерлері мемлекеттік грантқа ҰБТ-сыз ие бола алатындығын айта кеткен жөн. Мемлекеттік грант конкурсында балдардың теңдігі жағдайында басымдылық «Алтын белгі» иегеріне беріледі. Биыл 7 мыңнан астам түлек «Алтын белгіге» ие болған.

«Әскери борышын өтегендерге қатысты да тоқталсам. Өткен жылдан бастап олар ҰБТ-сыз әңгімелесу арқылы тек ақылы негізде оқуға түсе алады немесе ЖОО-ның ішкі гранттарына үміткер болады», - деді Гүлзат Көбенова.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады