«Мінезі мен тәрбиесі ұнайды»: қазақ әндерін орындап танымал болған беларусь қазақ қызына үйленгісі келеді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
15.07.2024, 15:38
1038
«Мінезі мен тәрбиесі ұнайды»: қазақ әндерін орындап танымал болған беларусь қазақ қызына үйленгісі келеді (ВИДЕО) ашық дереккөзден

Ол мектепте қазақ және орыс тілінен сабақ береді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде қазақ әндерін орындап танымал болған Борис Щетинко «Бәрі ASHYQ» подкастына берген сұхбатында неге қазақ қызына үйленгісі келетінін  айтты. Бұл туралы Azattyq Ruhy жазды.

Борис Щетинконың ұлты беларусь, Қостанай облысы Арқалық қаласынан 45 шақырым жердегі Үштөбе ауылында мектеп мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол әлеуметтік желіде қазақ әндерін нақышына келтіріп айтып, танымал болған.

 «Соңғы кезде осы жайлы көп ойланатын болдым. Дос балаларым қонаққа шақырады. Олардың көбі үйленген. Үйленбеген бір-екеуімен «бойдақтар» деген топ ашып алғанбыз. Достарымыз қонаққа шақырғанда көңіл-күйім түсіп кетеді. Себебі балалары «мама», «папа» деп жүгіріп жүреді. Мен неге текке жүрмін, маған да үйлену керек деп ойлаймын. Маған әлі бұйырмай тұр ма, қазір іздеп жүрген жайым бар», - дейді ол.

Щетинко өзінің болашақ әйелі қазақ ұлтынан болғанын қалайтынын айтты.

«Қазақ қызына үйленсем деп ойлап жүрмін. Олардың мінезі, тәрбиелігі өзіме жақын, ұнайды. Менің 3-4 досым басқа ұлттан, бірақ олар қазаққа үйленген. Олардың отбасы қандай болып жатқанын көріп жүрмін. Сондықтан мен де қазақ болғанын қалаймын. Достарым маған біреу ұнаса, алып қаш деп айтады. Руың Мырзабек деп айтсаң болды деп қалжыңдайды. Негізі қазақ қызын алуды бұйырсын деп отырмын», - дейді Борис Щетинко.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады