1929

«Корей елінің университеттерімен танысып жатыр»: Қайрат Нұртастың қызы шетелге оқуға аттанбақ

Қайрат Нұртастың тұңғыш қызы Сезім шетелге оқуға дайындалып жүр. Бұл туралы Stan.kz жазды.

«Корей елінің университеттерімен танысып жатыр»: Қайрат Нұртастың қызы шетелге оқуға аттанбақ
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, анасы актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қызы Корей елінің біліміне қызығып жүргенін айтты. 

“Сезім дәл қазір Корей елінің университеттерімен танысып жатыр. Қай елде оқитынын әлі нақты шешкен жоқ. Барынша зерттеп көргісі келеді", – деп жазды Сезімнің анасы. 

Сондай-ақ қызының қандай бағытқа икемі барын да, өнерден гөрі ғылымға жақын екенін жасырмады. 

"Сабырлы, шешімді асықпай қабылдайды. Кез келген жаратылыстағы сұрақтың жауабы ғылымда деп санайды. Әлемнің ең үлкен кітапханаларын аралап шығуды армандайды. Бірде Сезім: "Анашым, мен әлемдегі ЕҢ дегеннің барлығын білгім келеді!" деді. Ең үлкен кітапхана, ең биік ғимарат, ең көне мәдениет... Ең дегенге ұмтылған ақылыңнан айналайын", – деп тебіренді актриса. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор