Құрбан айттан бері жатыр: Астана маңынан ішек-қарны ақтарылған малдың өлекселері табылды

Аиса Махамбет Редактор
15.07.2024, 19:25
845
Құрбан айттан бері жатыр: Астана маңынан ішек-қарны ақтарылған малдың өлекселері табылды facebook.com/Арсен Керимбеков

Құрбан айттағы өлексе әлі жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның органикалық өнім өндірушілер одағының директоры Әрсен Керімбеков желідегі парақшасында елорда маңында малдың терілері мен ішек-қарны шашылып жатқанын көрсетіп, фото жариялады. Ауыл шаруашылығы министрлігі малдың өлексесі жатқан жерге тексеріспен барып қайтқан. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Керімбеков елімізде малды ет комбинаттарына өткізу жүйесі жолға қойылмағанына қапаланды.

«Неге бізде көп елге қарағанда ет бағасы солармен бірдей, көбіне тіпті қымбат? Себебі осы жылдар бойы малды ет комбинаттарына өткізу жұмысын реттей алмадық. Бағдарламалар, субсидиялар – мұның бәрі бос сөз. Мына фотолар кеше түсірілген. Астана қасапханасының маңында тері, ішек-қарын мен ұйыған қан жайрап жатыр. Ал оның иісі қандай болатынын елестетіп көріңіздер!», - деп жазды Керімбеков желідегі парақшасында.

Осы постан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы аумақтық инспекциясы полицейлермен бірге көрсетілген мекенжайға барған.

«Тексеріс барысында Алаш шоссесі, 313 көшесінде, «Агро Өнім Астана» ЖШС мал сою пунктіне іргелес аумақта малдың ішек-қарны табылды. Мал соятын пункт құрылыс жұмыстарына байланысты 2023 жылы қызметін тоқтатқан. Алайда Құрбан айт кезінде уақытша мал сойылған», - делінген хабарламада.

Осы фактіге байланысты «Агро Өнім Астана» ЖШС мал сою пунктінің иесі Ж.Жайлауға әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК, яғни, 110 760 теңге айыппұл салынды. Аумақ тазартылды.

Сондай-ақ Алаш шоссесі көшесінен құрылыс қоқысы мен малдың ішек-қарны шашылған тағы бір жер учаскесі табылды. Жерді жалға алған А.С.Мәденовке әкімшілік хаттама толтырылды. Жер учаскесі тазартылды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды