«Түлектер ғой десем түсінбей жатыр»: Нұрболат Абдуллинге билегені үшін «айыппұл» салынды (ВИДЕО)
Қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин желіде халық сынына ұшырап, билеген видеосы үшін "айыппұл" арқалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұрболат Абдуллин өзіне "айыппұл" салынғанын Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Соңғы видеоға айыппұл келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр" , - деп жазды әнші.
Өнер иесі желіде жариялаған видеосы үшін келіншегіне 300 мың теңге "айыппұл" төлеген.
Абдуллин ақша аударғанын дәлелдеу үшін тіпті банк қосымшасының түбіртегін де жариялап қойған.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор