«Декреттегі аналарға тиісе бермейік»: инвестор бала күтіміндегі аналарды арбап курс сататындарға қарсы шықты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
16.07.2024, 12:47
1304
«Декреттегі аналарға тиісе бермейік»: инвестор бала күтіміндегі аналарды арбап курс сататындарға қарсы шықты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ол 24/7 қызметте жүрген осы декреттегі аналар екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жеке қаржыны басқару бойынша консультант, қор нарығында инвестор Еркебұлан Әріпбай декреттегі аналарға манипуляция жасап, оларға курс сататын блогерлерге қарсы шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

«Ана болу, декретте отыру - оңай шаруа емес. Курс сату үшін оларға манипуляцияны  жасамайық. Декреттегі аналарға тиісетіндер көп болып кетті. «Декретте түк бітірмей отырсың ба, онда мобилографияны үйрен де, күйеуіңе ақша тауып көмектес, декретте түк бітірмей отырсың ба, Қытаймен бизнес істе» дейді оларға. Мен өзімнің мысалымды айтайын, менің әйелім екі жыл декретте отыр. Екі жылдың ішінде атқарған жұмысы өте қиын. Баланың киімі бар, тамағы бар, оны ойнатады, өсіреді, тәрбиелейді. Түнде төрт рет оянады, күндіз қасынан шықпайды. Үйге келгенде маған жақсы әйел, туысқа жақсы келін болуы керек. Осының бәрін бір адам 24/7 істейді», - дейді ол.

Әріпбай өзге жұмыста ондай қызмет атқармайды, демалысы болады.

«Ал телефонын қолға алса, декретте түк бітірмей отырсаң, осыны істе деген жарнамалар қаптайды. Декреттегі аналарға тиісе бермеңіздерші. Олар түк бітімей отырған жоқ. Олар бізден маңыздырақ жұмыс жасап жатыр», - деп жазды ол.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды