Белсенді Думан Мұхаммедкәрім ауруханаға түсті

19.07.2024, 10:05
990
Белсенді Думан Мұхаммедкәрім ауруханаға түсті жеке парақшасынан

Журналист және белсенді Думан Мұхаммедкәрім Қонаев қаласындағы көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, адвокат Ғалым Нұрпейісов Ulysmedia.kz тілшісіне Думан Мұхаммедкәрімнің жақтастары белсендінің денсаулық жағдайының нашарлауы туралы мәселені бірнеше рет көтергенін айтты.

 

"Мен сотқа белсендіге медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы өтінішхат бердім, бұл талапты орындаудан бас тарту қатыгез қарым-қатынас ретінде бағаланатынын айттым", - деді адвокат.

Нұрпейісовтың айтуынша, Мұхаммедкәрімде аштық жариялау мен стресс аясында пайда болған "аурулар жиынтығы" анықталған. Белсенді ауруханада 7-10 күн бола алады.

Сондай-ақ ол Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша келесі сот отырысы 22 шілдеге тағайындалғанын айтты.

"Дүйсенбі күні сот процесі қашан жалғастырылатыны туралы шешім қабылданады", - деп хабарлады адвокат.

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың басында 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларын белсенді түрде жариялаған Мұхаммедкәрім мәжіліске сайланудан шеттетілді. Кейін полиция оны азаматтарды "заңсыз акцияға" шақырды деп айыптады.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды