Денис Тенді өлтірді деп сотталғандардың жазасы жеңілдетілді

19.07.2024, 10:15
802
Денис Тенді өлтірді деп сотталғандардың жазасы жеңілдетілді Yohei Osada / AFLO SPORT / Global Look Press

Бүгін Денис Теннің адам қолынан мерт болған күні!

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне кінәлілердің жазасын қайда және қалай өтеп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 2019 жылы 17 қаңтарда Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шықты. Сотталғандар Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/12 түзеу мекемесіне жіберілді.

Ал олардың сыбайласы Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеді. Алайда 2019 жылдың желтоқсанында ол қамаудан босатылды. Сот оның денсаулық жағдайын және қамауда екінші баласын дүниеге әкелгенін ескеріп, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ол кейінірек колонияға оралып, 2021 жылдың желтоқсанында түбегейлі босатылды.

Араға уақыт салып спортшыны өлтірген қылмыскерлердің жазасы жеңілдегені белгілі болды. 

2023 жылы 19 қазанда Қонаев қалалық соты Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №12 мекемесі басшысының қатаң режимдегі мекемеде отырған Нұралы Қиясовтың жазасын жеңілдету туралы ұсынысын қарады. Бұған 2023 жылғы наурызда қабылданған "Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық іс жүргізу және жазаны атқару саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа Заң себеп болған. Заңға сәйкес, қасақана қылмыс жасағаны үшін екі жылдан астам мерзімге сотталмаған, бұрын соңды бас бостандығынан айырылмағандар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуі тиіс, – деп жазды басылым.

Сондай-ақ, Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 7 ай 29 тәулік тергеу изоляторында болу мерзімі күніне жарты тәулікпен есептелуін, яғни тағы 4 айды мерзімге қосуды ұсынған.

Сот Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 17 наурыздағы Заңын басшылыққа ала отырып, Алматы облысы және Жетісу ауданы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №12 мекемесі басшысының қамауда ұстау мерзімін есептеу туралы ұсынысын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2019 жылғы 17 қаңтардағы үкімімен сотталған Қиясов Нұралы Даулетбекұлына тағайындалған жазаны өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесі болып белгіленді.

Екінші сотталушы Арман Құдайбергеновке де қатысты осындай ұсыныс қаралды. Судья сонымен қатар оның үкім шығарылғанға дейін қамауда болған 4 айын санап, оны қатаң режимдегі мекемеден қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстыру туралы шешім шығарған.

Қазір Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қауіпсіздігі орташа түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. Олар колонияда жұмыс істемейді, өйткені онда жұмыс орындары тапшы. Оларға қалыпты жағдай жасалған. Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес олар жылына екі ұзақ және алты қысқа мерзімді кездесуге шығуға құқылы, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Арман Құдайбергенов те, Нұралы Қиясов та денсаулығына шағымданбаған.

Айта кетсек, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапты.

Қайғылы оқиға 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда болған. Денис кафеден шығып, көлігінің айналарын екі жігіттің ұрлап жатқанын көреді. Қаша жөнелген оларды қуып жеткен спортшыға бір ұры жамбасынан пышақ салады. Нәтижесінде артериясы зақымдалып, қөп қан кетеді. Кейін ауруханада көз жұмды. 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген