«Түнде шығарып аламыз»: Гүлзира Айдарбекова қамаудағы ұлымен қауышатынын айтты (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
19.07.2024, 10:30
3330
«Түнде шығарып аламыз»: Гүлзира Айдарбекова қамаудағы ұлымен қауышатынын айтты (ФОТО) жеке парақшасынан

Қыздарының әкесіне жазған хаттарын көрсетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ұшақта төбелесіп, 15 күнге қамалған Қайрат Нұртастың қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасына Қайрат Нұртастың балаларымен болған хат алмасуын жариялаған. Немересіне әкесін "Ертең түнде шығарып аламыз" деп жазған.

“Сезім мен Алау қыздарым, папаларын уайымдап, “апа біз папамызды қатты-қатты жақсы көреміз” деп хабарласып әлек. Алла бұйыртса әні-міні деп, сағат санап отырмыз. Бала-шағасына не десе де, жоқ деп айтып көрген кезі болмаған. Қашанда армандарын орындау – бар мақсаты. Кім қай жақты қалады бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі Америкаға бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетті. Ана жақта отырса да, не сұраса да салып отырсыншы деп бала-шағам қиналып қалмасын деп адвокаты арқылы жеткізіп, уайымдаумен отырды. Бір жаққа барамын не аламын десе, менде солай жоқ деп айта алмаушы едім бала-шағама. Алла сол пейіліне беріп жатқан шығар деп қоямын кейде. Жүрегімізден мейірім кетпесін", – деп жазды ол. 

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың анасы қамауға алынған күннен бастап күн сайын желіде баласы туралы түрлі фото-видео салып отырды.

"Қайрат маған кейде, түнімен ұйықтамай уайымдап отырған мені көріп, “анашым мені қатты жақсы көрмеңізші” дейтін. Қашанда түзде жүрген соң уайымсыз күнім болмайды ғой. Бірақ та жүрегіңе Алланы салып, сол Аллаға амандығын тапсыруымыз керек екенін біліп тұрып, қатты жақсы көретінімізді байқамай қаламыз. Ана баласын қатты жақсы көрсе сол баласымен сынайды, ал ұл-қыздарың өмірлік жарын қатты жақсы көрсе, сүйіктісімен сынайды деген. Қандай сынақ берсе де жеңілдігімен берсін деп тілейік! Алла бұйыртса құлынымның құлыншақтары шексіз қуанатын күндері көп болсын!", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады