«Шектен шықса»: Имам әйелдерді қалай ұрып-соғу керектігін үйретті (ВИДЕО)
Имам ер адамдарға әйелді қалай ұру қажетін түсіндірді. Бұл туралы KYN.KZ жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, имам егер әйел шектен шығып жатса, оны ұруға болатынын айтты. Бұл туралы видео «Татар-информ» YouTube-арнасында жарияланған.
«Хазіретпен шай» подкастында татарстандық имам әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сұрақтарға жауап берген. Имам Тимур Камаев мұсылмандарға әйелдерін қай кезде ұруға болатынын түсіндірген.
«Бұл жерде мынаны анықтап алу керек: Егер ол түсінбей жатса, мисуах деген таяқшаны әйеліңізге бір-екі рет тигізіп қою керек. Бұл оның денесіне жарақат немесе көгеру қалдыру емес. Адамға «тоқта, сен дұрыс істемедің» дегенді ғана білдіреді. Еркектің қол көтеруі ол әйеліне деген разы еместігін білдіреді», - дейді имам.
Сондай-ақ, имам бірнеше кеңестер айтқан. Айтуынша, әйел, өзінің дұрыс емес нәрсе істеп жатқанын түсінуі керек.
«Бірге жататын төсекті бөліңіз. Әйел онда да түсінбей, дұрыс емес әрекетін жалғастырып, шектен шықса, ұруға болады”, – деді ол.
Материал авторы