«Мені жібермей қинады»: Аиша Бүркітті туған күнімен ерекше құттықтады

Аиса Махамбет Редактор
19.07.2024, 18:30
1757
«Мені жібермей қинады»: Аиша Бүркітті туған күнімен ерекше құттықтады жеке парақшасынан

Бүркіт пен Аишаның шаңырақ көтергендеріне – 14 жыл. Бүркіттің туған күніне орай Аиша жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі күйеуінің адами қасиеттеріне тоқталып, ризашылығын білдірді. 

"Құрметті менің күйеуім. 14 жыл бойы сенің туған күніңді бірге тойлап келеміз. Осы уақытқа дейін екеуміз жақын жандарға айналдық. Жыл сайын бір-бірімізге жақындай түскенімізге қуанамын. Біз барлық мәселені бірге шешіп, бірге қуануға тырысамыз. Жалпы бірге көп дүние жасаймыз. Мен осының барлығы үшін саған рақмет айтамын. Сенің барыңа шүкір айтамын, өйткені мен сенен көп дүние үйрендім. Өзімде жоқ жақсы қасиеттерді сенен байқадым. Соның арқасында қазір жауапты әрі мейірімді, жақсы адам болуды үйреніп келемін. Мен әрдайым сенің қасыңдамын. Мен әрдайым сені қолдаймын және сүйемін", – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Аиша Бүркітке неліктен тұрмысқа шыққысы келмегенін айтқан еді. 

“Екеуіміз шаңырақ көтергенімізде Айбек 36 жаста еді. Менің оған тұрмысқа шыққым келмеді. Мен оның өзіне де айтқам. Айбек маған үйленем деп шешім қабылдап қойған екен. Ол мені жібермей қинады. Мен де қиналдым. Бір шешімге келу үшін дұға еттім. Алла мені бағыттап, Айбекке жіберді. Біз тез үйленеміз деп шешім қабылдап, ешкімге айтпай некемізді қидық. Ата-аналарымызға кейін айттық. Олардың келіспеске амалы қалмады. Мен не істесем де, бәрін анаммен ақылдасатынмын. Өмірімдегі ең маңызды шешімді анама айтпай, өзім қабылдадым”, – деген еді өнер иесі. 

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады