Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аиса Махамбет Редактор
20.07.2024, 09:45
751
Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды бейнежазбадан алынған кадр

Бас прокуратура қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде қазақтың киіз үйінде жартылай жалаңаш билегендердің видеосы тарап қоғамды дүр сілкіндірген еді. Бас прокуратура аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев қоғам белсенділерін «ЛГБТ» насихатына қарсы петиция қорытындысын талқылайтын жиынға белсенді қатысуға үндеген еді. Соның бірі Самат Мұсабаевтың айтуынша, желіде таралған видеороликтің қиындысы бүкіл ұлтты, елді қорлаумен пара-пар.

Бас прокуратура оқиғаның Алматы облысы Қарасай ауданында түсірілгенін хабарлап отыр.

«Аталған факт бойынша 2024 жылғы 1 шілдеде Қарасай аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп жауап берді ведомство.

Сондай-ақ, Бас прокуратура қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу туралы шешім қабылданады.

Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бейнеролик авторларының ниетін анықтау және қылмыстық құқықтың көрсетілген нормасына объективті құқықтық баға беру мүмкін еместігін жеткізді.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады