«Маған қиянат жасағысы келетін»: Жазира Байырбекова өміріндегі қиын жағдайларды айтты (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
20.07.2024, 17:21
2215
«Маған қиянат жасағысы келетін»: Жазира Байырбекова өміріндегі қиын жағдайларды айтты (ФОТО) жеке парақшасынан

Ол денсаулығына зиян әкелген нәрсе туралы ашып айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Жазира Байырбекова желіде өзінің сабырлығы мен кешірімшіл қасиеті туралы әңгімеледі.

«Сабырлығымның сырын сұрайтындар көп.

Өмірдің уақытша екенін ұмытпау.

Тіпті күйеуім де, ұлым да, қызым да, әркімнің жақсы көруі, құрметтеуі, қамқорлығы өз қалауымен болса болғаны жақсы, болмаса мәжбүрлемеу. 

Ешкім маған ештеңе міндетті емес екенін білу. 

Жамандар жаман болайын демейді, жәй болмысы солай. Ешкімге пайдасы жоқ адамдар миына, жүрегіне мейірімділік салмағаннан. Адамның миына идеяларды Алла тағалам салады. Бір адамның ұнамайтын қасиетін көргенде сол адамның бойынан жақсы қасиетті іздеп табу. 

Жақсы қасиеті жоқ, негативтерімен шаршататын адамнан (туысым болса да) алыс жүру.

Маған бұйырған несібе ешқайда кетпейді. Мені алдаған, маған қиянат жасағысы келетін, мені сыртымнан жамандап сөгетін Адамдарды Аллаға тапсыру.

Кез келген жетістікті,жақсылықты,несібені өзімнің өнерім,өзімнің еңбегім демей Алланың беріп жатқаны деп сезіну.

Біреу баладан, біреу күйеуден, біреу бауырдан, біреу қайын жұрттан, біреу достарынан, біреу қызметінен бақыт көреді. Адам өмірінде барлығы идеально болмайтынын түсіну.

Шүкір ету.

Мені сабырлы ететін осы ойларым шығар.

Бірақ мамандардың айтуынша менің кей ұстанымдарым денсаулығыма зиян екен. Бәрін кешіріп, бәрін ақтап алып жүре бермей арасында ұрысып, ренжитін жағдайда ренжіп айтып тастауым керек екен», - деді әнші.

Сондай-ақ әнші жазбасын көзбояушылыққа қатысты ойлармен түйіндеді.

«Әрбір адам — бұл өмірдің актері. Рөлге енбейтін жаңа туған сәби ғана!», - деп жазды ол.

Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек? EXPOGOODS CENTRAL ASIA көрмесіне тоғыз елден 200-ге жуық өндіруші қатысуда «Мобилографтарымен келеді»: Сәкен Майғазиев 800 адамды тойға сыйдыру үшін 100 қонақты тізімнен алып тастаған «Қатарынан екі мәрте ата атандым»: Нұржан Төлендиев отбасындағы қуанышты жеткізді «Баламды кім ұрған?»: Ер адам мектепке баса-көктеп кіріп, оқушыларды ұрған (ВИДЕО) АҚШ Зеленскийдің «көзін құрту керек» деп мәлімдеді Жаңаөзен маңында мұнай ұңғымасын бұрғылау кезінде жарылыс болды (ВИДЕО)