Аптап ыстық, найзағай: 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

21.07.2024, 09:24
726
Аптап ыстық, найзағай: 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы ашық дереккөзден

Синоптиктер еліміздің басым аймағында дауылды ескерту жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК 21 шілде, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның көптеген өңірінде атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады және желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады. Ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады.

Күндіз сынап бағаны еліміздің солтүстігінде, шығысында: +20...+28°C, оңтүстігінде: +34...+39°C, еліміздің орталығында: +25...+33°C, оңтүстік-шығысында: +30...+38°C, ал батысында +33...+38°C көрсетеді. 

Синоптиктер еліміздің басым аймағында дауылды ескерту жариялады.

21 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп болжанады. Таулы аумақта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өңірдің оңтүстігінде, шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Облыстың таулы аудандарында, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысының оңтүстігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Сондай-ақ, Өскеменде найзағай ойнайды, күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп болжанады. 

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с. Семейде күн күркіреп, күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болмақ.

Түнде Атырау облысының батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Күндіз аптап ыстық болады: +35...+38°C. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар.

Атырауда 21 шілдеде түстен кейін қатты ыстық кезінде (+36°C) найзағай ойнайды.  

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысыныңсолтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігіндеел солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде аптап ыстық болады: +36°C. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынды болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Астанада 21 шілдеде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. 

Күндіз Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Көкшетауда таңертең және түстен кейін 21 шілдеде найзағай найзағай ойнап, күн райы бұзылады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз аптап ыстық болады: +35...+37°C. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Орал қаласында да өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +38...+39°C. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 21 шілдеде түстен кейін найзағай болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында аракідік нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с.

Алматыда түнде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15 м/с дейін жетеді. Қонаевта соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді.

 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады