«40–тағы баласын күнде жырлады»: Айгүл Орынбек Қайрат Нұртастың анасына шүйлікті

Аиса Махамбет Редактор
21.07.2024, 11:56
1735
«40–тағы баласын күнде жырлады»: Айгүл Орынбек Қайрат Нұртастың анасына шүйлікті бейнежазбадан алынған кадр

15 күн емес, 15 жыл алғандай жоқтады деп сөкті анасын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйгілі заңгер Айгүл Орынбек жақында қамауда болып бостандыққа шыққан Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованы қатаң сынның астына алды.

“Мамасының баласы десе, мән бермейтін едім, айналдырған 15 күнді,  он бес жыл алғандай жоқтады!

Баласы кінәсіз болса мақұл екен, ел алдында жүрген жұлдыз ішіп алып төбелесу - ол қоғамдық ортада тыныштықты бұзу!

Жас болса мақұл екен жастықпен жасады ғой дейтін, жасы қырыққа келген баласының іс әрекетін күнде әлеуметтік желі арқылы жырлап отыру, бұл енді барып тұрған  надандық!, - дейді ол.

Сондай-ақ заңгер заң тарапының әділдігі туралы сөз етті.

Заң үстемдігін орнатқымыз келсе, елдің алдында жүрген жұлдыздар бірінші тәртіпке бағыну керек! Биліктегі көкелердің  алдында сайрап жүрміз, “крышалар құтқарып қалады” деген түсінікті жою керек! Қаншама жас жігіттер жазықсыз 10-15 жылды арқалап кетіп жатыр! 

Журналистер! Әділетсіздікке тап болып шырылдаған аналардың жан айқайын дәл осылай шығарсаңдар ғой шіркін!

Заңгер бұл тақырыпты әншінің анасы әлеуметтік желіде күнде көтере беруін әбестікке балады.

“Баламның іс әрекеті дұрыс емес, бұл отбасымызға менің жасаған жұмысыма үлкен сын” - деп,  бұл тақырыпты сол кезде жабу керек еді! Алайда, баласынан батыр жасап, оны ақтап қайта-қайта мен анамын деп емірене беру баланың жасаған заң бұзушылығын қолдау! Баласы елін қорғап соғысқа барып келсе, қоғамдағы жемқорлықпен күресіп жүрсе мейлі екен, оны түрмеден жарияға жар салып күтіп алу бұл енді масқара!

Ол Қайрат Нұртастың қылығын ұятқа балап, анасының орынсыз іске араласқанын айыптады.

Қырыққа келіп өзі жасаған ісіне өзі жауап бере алмай анасын араластыру, бұл ҰЯТ! Бұл біздің қоғамда - әлсіз мамасының балалары көбейіп кеткендігінің айқын көрінісі!

Менімен келіспей “ол ана баласын, әрине, қорғайды”, дейтін шығарсыздар! Балам екен деп барлық жерге мұрнын сұға беру, баланың келесі қылмысқа жол ашуына мүмкіндік беру! Еркек - еркекше шешім қабылдап,  жауапкершілікті мойнына алатын уақытты, өзіне қалдыру керек! Қазіргі уақытта заңды көбінесе мамасының етегінен шыға алмайтындар бұзып жатыр! - деп жазды ол.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді