«Баламен сынамасын»: Ләйлә Сұлтанқызы таңертең ұлы отырған ұшақтың апатты жағдайда болғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
21.07.2024, 12:42
11651
«Баламен сынамасын»: Ләйлә Сұлтанқызы таңертең ұлы отырған ұшақтың апатты жағдайда болғанын айтты жеке парақшасынан

Мешітке садақа беріп, Құран оқытқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ләйлә Сұлтанқызы баласы мінген Flyarystan ұшағы ауа райына байланысты Алматыны 2-3 рет айналып, қона алмай кеткенін айтты.

"Кеше ұлым Дишинка апамен бірге сағат 13.00-де Скаттың рейсімен Астанадан Алматыға ұшу керек еді. Рейс қайта-қайта шегеріле берді, қандай да бір себептерге байланысты шығар, білмеймін. Сосын сағат 17.00-де балам Flyarystan ұшағына отырып, 18.30-19.00 шамасында қону керек болатын. 19-00-ден бастап балама звондаймын, телефоны өшірулі болды", - дейді отандық тележүргізуші.

"19.00-20.00 болды, бір уақытта, 21.00-ге таман ғой деймін, баламнан хабарлама келіп тұр: "Анашым, біз Түркістанға қондық. Алматының ауа райына байланысты. Флай шұғыл Түркістанға қарай ұшып кетті" деген. Ойбай, енді не болады, 22.00-дегі рейстің күйетіні бар, бұл қалай болады, баланың қорыққаны бар.

Тележүргізушінің айтуынша ұшақ Алматыға қонуға бірнеше рет тырысқан.

Екі-үш рет Алматының үстінен айналып, ұшақ қона алмаған. Себебі кеше Алматыда жаңбыр болды, жел болды. Қасында отырған Жанәбілов Ера тіпті қоштасу видеосын жазған. Оны балам айтқанда тіпті қорықтым. "Анашым, бар білетін 2-3 дұғамды оқыдым. Қайта-қайта оқыдым", - дейді. 

Таңертең тұра сала мал садақа, мешітке садақа беріп, Құран оқыттым, апаны шайға шақырдым. Аман болайық!" - деді Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді