Қазақстандық педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектіні меңгереді

22.07.2024, 13:13
1251
Қазақстандық педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектіні меңгереді AI

Қазақстандық педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдану және бағдарламалау дағдыларын меңгеретін болды, деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ, «Astana hub» халықаралық технопаркімен және «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтерге арналған бағдарламалау негіздерін оқытатын онлайн-білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосты.

Бастапқы кезеңінде 300 мұғалім мен тренер «Жасанды интеллект» және Game Development бағыттары бойынша біліктілігін арттыруда. Биыл 31 желтоқсанда аяқталатын курстар алты айға жоспарланған. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат беріледі, олар әрі қарай оқушылар мен педагогтерді бағдарламалау негіздеріне оқыта алады.

 
«Пилоттық мектептердің білім алушылары бағдарламалау негіздері бойынша биыл шілде-желтоқсан аралығында онлайн режимде «No Code», «Low Code» және «Startup Academy» курстарынан және офлайн 2025 жылдың қаңтарынан бастап бағдарламалау негіздері бойынша оқиды. Қазір Astana Hub платформасында білім алушыларды онлайн тіркеу жүріп жатыр. Әр оқушыға құпия сөз бен логин беріледі, оның көмегімен олар модульдерді игеріп, тапсырмаларды орындап, тестілеуден өте алады. Барлық модульдерден сәтті өткен білім алушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі, бұл IT-өнімдерді жасауға мүмкіндік беретін болады», – деп атап өтті Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Гүлнар Таласбаева.


Айта кету керек, оқушылар өздеріне ыңғайлы уақытта оқи алады. Әр сабақта бейнедәріс, қосымша материалдар және тест тапсырмалары бар. Сондай-ақ қатысушылар пилоттық жоба үйлестірушілерінен көмек сұрай алады. Пилоттық жоба барлығы 27 мыңнан астам оқушыны қамтиды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді