«3 сағат бұрын суық хабар келді»: Қазақстандық файтер жекпе жек алдында анасының қазасы туралы естіген (ВИДЕО)

22.07.2024, 16:35
2794
«3 сағат бұрын суық хабар келді»: Қазақстандық файтер жекпе жек алдында анасының қазасы туралы естіген (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Отандық жекпе жек шебері Ернат Түгелбеков анасының ұзақ жылғы сырқаттан көз жұмғанын айтып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Файтер суық хабарды жекпе жекке шықпай тұрып естіген. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, “Балқаш жолбарысы” деген лақап атпен жекпе жекке шығып жүрген қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков кезекті айқасын жеңіспен аяқтады. Алайда ол бұл жаңалығын анасына сүйіншілей алмады. 

“Осыдан 3 сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегем. Анам қатты ауырды”, – дейді файтер көз жасына ерік беріп.  

Ернат өз жеңісін анасына арнады. 

Отандық спортшының сөздері желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Көпшілік файтерге көңіл айтып, қолдау білдірді.

“Иманы жолдас болсын”, “Жүрегім қан жылап тұр”, “Алла сабыр берсін”, “Бекем бол”, “Арты қайырлы болсын! Мен де анамды Мекке апарып үлгермеймін бе деп қорқамын”, – деп жазды желідегілер.

 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді