«Райм мамамды тыңдайды»: Ерке Есмахан күйеуі мен анасының қарым-қатынасы туралы айтты
Ерке Есмахан күйеуі Райм мен анасының қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі екеуінің әңгімесі таусылмайтынын, ұзақ сырласатынын айтты.
Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында ерекше отбасылық отырыстың видеосын жариялаған. Онда әншінің жолдасы Райм анасымен шай үстінде әңгімелесіп отырғанын көруге болады.
"Мама мен Райм ылғи не әңгіме айтып отырады екен деп тыңдап көргенмін ғой. Райм - тыңдаушы. Маманың бүкіл өмірбаянын біледі. "Айттым ба?" дейді. Райм "иә, айттыңыз" десе де қайтып айтып отырады. Жаным анашым, жүз жасашы", - деп жазды Ерке Есмахан.
Өнер иесі екі жақын адамының өзара сыйластығына сүйсініп отырғанын жасырмады.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор