40 градусқа дейін ыстық болады: 23 шілдеге арналған ауа райы болжамы

23.07.2024, 09:52
731
40 градусқа дейін ыстық болады: 23 шілдеге арналған ауа райы болжамы ашық дереккөзден

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жасалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер ертең, 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының бытысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. 

Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады.

Алматыда күннің соңында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Атырау облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыста төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың шығысында тұман болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында батыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық болады. 23 шілдеде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Түнде облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз тауларда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар, оңтүстігінде және шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды