«Кімді сынасаңыз, сондай сынақ өзіңізге де келеді»: Қайрат Нұртастың анасы өзін сынайтындарға жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
24.07.2024, 12:30
1757
«Кімді сынасаңыз, сондай сынақ өзіңізге де келеді»: Қайрат Нұртастың анасы өзін сынайтындарға жауап берді жеке парақшасынан

Ернінен сүйген жоқ дейді Гүлзира Айдарбекова.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзін сынап, пікір жазатын желі қолданушыларға жауап берді. Тіпті, қамаудан шыққан ұлы Қайрат Нұртасты жылы қабылдаған халыққа рақмет айтып, жанкүйерлеріне алғыс білдірді. Бұл туралы inbusiness.kz жазды.

Гүлзира Айдарбекова желіде өзіне және ұлына сын айтушыларға жауап берді.

“Әр адамның өзінің сүйікті кумирі болады. Құшақтаса өз ағаларындай жақсы көріп тұр. Ешқандай жаман қылық көрсетіп тұрған жоқ. Ернінен сүйген жоқ. Құшақтасын, бәрі бір қазақтың балалары. Жүрегінде мейірімі бар адам құшақтайды. Бұл жерде тек қыздар емес, қаншама қарт кісілер де, Қайратты көру үшін екі сағат бұрын келген. Қайрат осы халықпен бақытты. Алысқа кетсе де, халықты сағындым деп отырады. Оның бала күнінен арқа сүйегені – халық. Оны көп адам түсіне бермейді. Қайрат тұрмақ менің де өз жанкүйерлерім бар. Сол кісілердің дұға-тілектерінің арқасында қиындықтан аман-есен өтіп келемін. Мен кез келген жерде қалап тұрған адаммен суретке түсемін. Көңілін қимаймын. Алла көтерген сайын иіліп келемін. Соңғы кезде "Гүлзирашым, жолыңды берсін" деп тұсау кестіреді. Келінін кіргізіп, қызын ұзатуымды өтінеді. Бәрі Алланың арқасы. Еңбекпен қатар келген бақ деп білемін. Біреуді сынап отырғанша, өз өміріңізді сүріңіздер. Кімді сынасаңыз, сондай сынақ өзіңізге де келеді. Ең бастысы, жүрегіміздің кең болуын жазсын!”, – деді продюсер.

Сондай-ақ әншінің анасы не үшін үнемі баласы туралы пост сала бергенін түсіндірді.

“Ақша алатын мен ютуб каналы емеспін. Ешкім маған ақша бермейді. Өсекші парақшалармен шатастырмаңыздар. Жеке парақшамды өзім жүргіземін. Мен оригинал Гүлзирамын. Өмірімізде не болып жатыр соны көресіңдер. Ең бастысы, екіжүзділік жоқ, әрі шынайы, оқырмандарымыздан жасыратын түк жоқ. Негізі биыл жақсы ойласаң 3 есе жақсылығымен келетін карма жылы. Ол шындық, не жасайсың, не ойлайсың ниетіңе қарай Алла үйіп-төгіп беретін жыл. Жаман ойласаң жамандық кетпейді, жақсы ойласаң жақсылығың көп болады,”, – деп кеңес айтты Гүлзира Үсенқызы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады