«Төсек картоннан жасалған»: Назым Қызайбай Олимпиада ауылындағы бөлмесін көрсетті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
24.07.2024, 14:30
1375
«Төсек картоннан жасалған»: Назым Қызайбай Олимпиада ауылындағы бөлмесін көрсетті (ВИДЕО) collage smartnews.kz

Телефонды өшіріп, дайындалсай дейді жанкүйерлер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парижге аттанған қазақстандық боксшылардың бірі Назым Қызайбай Олимпиада қалашығындағы бөлмесін көрсетті.

Назым Қызайбай Париждегі бөлмесін видеоға түсіріп, TikTok желісіндегі ресми парақшасына жариялады. 

«Бұл мен жататын бөлме. Ең кішкентай, тар бөлме екен. Төсектер картоннан жасалған. Жаныма тағы бір спортшы келіп тұрады. Қазіргі таңда жалғыз тұрып жатырмын. Әзірге орналасып, жаттығуымызды жалғастырып жатырмыз. 25 шілдеде жеребе болады. Дұғада болыңыздар», - деді боксшы. 

Назымның бейнежазбасы көпшілікке таралып, жанкүйерлер оған тыңғылықты дайындалып, алтын алуына тілектестік білдірді.

«Телефонды өшіріп тасташы олимпиада біткенге дейін», «Қайтесің сыйлықты? Жұмысқа кіріс, таста телефонды. Сәттілік, сен чемпион болуға келдің», «Екі дүркін әлем чемпионы және көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Қазақ елінің мақтанышы Назым қыз Сізге енді Олимп шыңын бағындыруды тілеймін. Алла жар болсын!!!», «Жеңіспен оралуыңы тілектеспін... Қазақстанның көк туын Париж төрінде желбірет», - деді оқырмандар.

Назым Қызайбай маусымда Бангкокта (Таиланд) өткен бокстан соңғы лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді. Ол Париж бәсекесінде 50 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Назымнан бөлек, әйелдер боксынан ел намысын Валентина Хальзова (75 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) қорғайды.

Еске салайық, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкин Париждегі Олимпиада қалашағында бокстан Қазақстан құрамасымен кездескенін жазған едік.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған