Ақтөбеліктер тегін билетке таласып, бірі-бірін таптап кетті
Блогер концертке 100 билет таратқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласының тұрғындары концерттің билетіне бола бір-бірін басып қала жаздады. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.
Ақтөбеде блогер қазақ әншілерінің концертіне 100 тегін билет таратқаны белгілі болды.
Тегін билет алып қалуға жиналғандар саны күрт артып, жұрт арасында болған балалы әйелдер де қалың нөпірдің ішінде қалып қойған.
Бұл жағдай боййынша әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір жазып, халықтың мұндай әрекетіне реніш білдірді. Сондай-ақ халыққа ендігәрі ешқандай тегін дүние таратпау керектігін де айтты.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор