«Қыздарды аяймын»: Ерке Есмахан күйеуі Раймды қалай қаратып алғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
25.07.2024, 18:36
1410
«Қыздарды аяймын»: Ерке Есмахан күйеуі Раймды қалай қаратып алғанын айтты жеке парақшасынан

Күйеуін қалай қаратқанын айтып ашуланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ерке Есмахан желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Өнер иесі жеке өмірі туралы сыр шертіп, күйеуінің жүрегін қалай жаулап алғанын айтты. 

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, көпшілікке жан сырын ақтарды. Оқырмандардың бірі әншіден "күйеуін қалай қаратып алғанын" сұраймын деп оны ашуландырып қойды. 

"Қыздар неге өздеріңізді осыншама төмен бағалайсыздар? Неге жігітті қыз қарату керек? Мейлі ол жас немесе үлкен, бай, сымбатты, атақты, лауазымды адам болсын. Неге өз құндарыңды өздерің түсіресіңдер? Осындай сұрақ қоятын қыздарды аяймын. 

Біз 2018 жылы таныстық, сөйлестік. Арамызда сезім пайда болды. Уақыт өте бір-бірімізден алшақтағымыз келген. Бірақ бәрібір Алла қалап, екеумізді қосып, жанұя болдық. Шүкір. Бұл өмірде Алланың қалауынсыз бір жапырақ та жерге үзіліп түспейді. Сондықтан қыздар, миларыңызды болмайтын нәрсемен толтырмай, "жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді" деп бақытты өмір сүре беріңдер", - деп жазды ол. 

Сонымен қатар Ерке Есмахан күйеуі Раймның шынайы өмірде қандай адам екенін айтты.

"Үлкен ортаға барғанда Райм жабылып қалады. Мен керісінше, ашыламын ғой, шіркін. Райм өзін сахнада суда жүзген балықтай сезінеді", - деп жазды өнер иесі. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады