1144

Өткір бронхитке шалдыққан: Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға бір күн қалғанда қатыспайтынын айтты

Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға қатыспайтын болды.

Өткір бронхитке шалдыққан: Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға бір күн қалғанда қатыспайтынын айтты
Olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Олимпиада ойындарында Рыбакина жеке және жұптық сайыстарда өнер көрсетуі керек еді. Спортшының олимпиададан бас тартуына сырқаты себеп болған. 

"Қазір Елена өткір бронхитпен ауырып жүр, дәрігерлер оған кортқа шығуға ғана емес, жарыстарға ұшып барып-келуге үзілді-кесілді тыйым салды", – делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.

Олимпиададағы теннис жарыстары 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді. Жекелей сында Рыбакинаның орнына австралиялық Дарья Савилл шығады.

Материал авторы