«Ішіндегі іріңмен бір ай жүрген марқұм»: Полиция кінәлі дәрігерлерді ұстамай жүр

27.07.2024, 10:29
1376
«Ішіндегі іріңмен бір ай жүрген марқұм»: Полиция кінәлі дәрігерлерді ұстамай жүр tinaztepe.edu.tr

Полиция істі әдейі созып келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм әпкесінің өліміне кінәлі медицина қызметкерлерін 9 ай бойы ұстамағанына шағымданған Айтбек Ауылбаев Бас прокуратураға жүгінгенін айтты. Олар Айтбек Ауылбаевты қайтадан іске немқұрайлы қараған облыстық сотқа жібергенін айтты.

Orda.kz 2023 жылы 6 қазанда дәрігерлердің салғырттығынан және дұрыс жасамаған ота кесірінен қайтыс болған Меруерт Ауылбаеваның бауыры Айтбек Ауылбаевқа хабарласып істің мән-жайын сұрастырды. 

Балқаш қаласының тұрғыны Меруерт Ауылбаеваның бауыры, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне наразы болып отыр. Меруерт Ауылбаева 9 ай бұрын соқыр ішекті алып тастау отасынан кейін сепсис нәтижесінде қайтыс болды. Айтбек Ауылбаевтың айтуынша, дәрігерлердің қылмысын анықтайтын сараптамалардың бәрі бар. Тек күдікті ретінде ұстаса болды. Бірақ бұл істі қайта-қайта сараптама жасатып, созып келе жатқанына 9 айдан асыпты.

Сондай-ақ, бұл іске мүлде немқұрайлы қараған бұл органдар Айтбек Ауылбаев ҚР президентіне тікелей бейнеүндеу жасағаннан кейін әрекетке көшкенін айтады.

Айтбек Ауылбаев іс дұрыс жүргізілмей жатқанын мәлімдеп, облыстық прокуратураға жүгінгенін айтқан. Ол облыстық прокуратура бұл іске назар аудармағанын жеткізді. Әділдік сұрап ҚР бас прокуратурасына жүгінген. Олар болса «бұл істі облыс қарайды» деп, қайтадан облыстық прокуратураға жіберген.

«Бұл іске қадағалау жүргізіп жатқан Балқаш прокуратурасы 9 ай бойы тергеу ісін аяқтамады. Олар дәлелдердің болуына қарамастан, неге созып жүргені түсініксіз. Әділет министрлігі сараптама жасады. Меруерттің қазасына дәрігерлердің тікелей қатысы бар екені анықталды. Бірақ полиция керек емес экспертизаны қайта-қайта жасатып істі созып жатыр. Ал қадағалайтын прокуратура олардың бұл ісін қолдап отыр. Біздің іс бойынша құқығымыз бұзылып жатыр. Мысалы, олар экспертиза тағайындап жатса біздің білуге құқығымыз бар. Экпертизаны сұратуға, қайтаруға құқығымыз бар. Бірнеше рет осы құқығымызды бұзды. Олар бұл іске немқұрайлы қарап, әрекетсіздік танытып отыр», — деді Айтбек Ауылбаев.  

Айтбек Ауылбаев кем дегенде 3 адамның үстінен іс қозғалатынын айтты. Оның айтуынша ота дер кезінде жасалмады. Күтімі дұрыс болмады. Көтеріліп тұрған температурасына қарамай, шығарып жіберді.

«Марқұм әпкем 2023 жылдың 24 және 26 шілдесінде емханаға жүгінді. Бірақ оны 27 шілдеде қабылдады. Ал соқыр ішек отасын тек бір аптадан кейін, 3 тамызда жасады. УЗИ нәтижелері оның перитонитпен ауырғанын көрсетті. Операциядан кейін 21 тамызға дейін ауруханада жатты, температурасы жоғары болғандықтан... Бірақ дәрігерлер температурасы көтеріліп тұрғанына қарамастан шығарып жіберді. Дәрігерлердің салғырттығынан ол шілдеден қазанға дейін ішідегі іріңмен жүрген», – деді Ауылбаев.
Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды