Ақтөбе облысында полицей әйелі мен күйеуін қағып өлтірген: Жәбірленушілердің отбасы кешірім бермейтіндерін айтты

27.07.2024, 13:12
1504
Ақтөбе облысында полицей әйелі мен күйеуін қағып өлтірген: Жәбірленушілердің отбасы кешірім бермейтіндерін айтты жеке мұрағатынан

Ақтөбе облысында мас полицей көлікпен қағып өлтірген жас жұбайдың отбасы кінәліні кешірмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға фельдшерлік пункттен 100 метр жерде болған. Марқұмдардың мәйіттері жолдың шетінде, жолдан өтіп бара жатқан адам тауып алғанға дейін жатқан.

Марқұмдар Динара Несіпбаева мен Шыңғыс Кенжібаевтың артында 3 және 4 жастағы екі ұлы қалды. Динара мен Шыңғыс 2019 жылы үйленген, Шыңғыс Хромтау қаласында вахтада жұмыс істесе, Динара Ақтөбе қаласындағы спорт мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген, жас отбасы пәтер жалдап тұрып, жеке баспанаға ақша жинап жүріпті. 

23 шілдеде туған күн кешінен шыққан мас полицей жас жұбайларды қағып кеткен, оқиға орнынан қашып кеткен. Сол түні Динара мен Шыңғыс ата-әжесінің үйінен шығып жолдың жиегінде велосипедпен келе жатыпты. Қайғылы оқиға кезінде көлікте полицейдің кішкентай ұлы болған. 

“Динара мен Шыңғыстың енді жоқ екеніне сенгім келмейді, олар небәрі 25 жаста еді, өмірлері алда еді... Олар ешкімге жамандық жасаған жоқ, бәріміз жақсы көретінбіз. Оларсыз қалай өмір сүреміз? – дейді Шыңғыстың атасы Кенжебай Имашев.

Марқұмдардың туыстары тергеу біржақты жүргізіліп, кінәлі лайықты жазаланбай ма деп қауіптенеді.

“Бұл бізді қатты алаңдатады, біз қарапайым халықпыз... Бұл біз үшін үлкен қайғы. Шыңғыс ішпейтін, темекі тартпайтын, балаларын қатты жақсы көретін, енді оларды біз өсіруіміз керек. Балалар үшін бірден екі ата-анасының орнын қалай баса аламыз? Біз кінәлі адамды кешіре алмаймыз. Әйелім екеуміз күні-түні жылаймыз, қайғымыздың басылатын түрі жоқ", – деді Шыңғыстың атасы.

Облыстық полиция департаменті қызметкердің жауапқа тартылатынын, қазір жол апатына қатысты "көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы" бабы бойынша қызмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Полицияның мәліметінше, оқиғаның полицейдің ол уақытта жұмыста болмағанын және қызметкердің жеке көлігінде болғанын атап өтті.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды