1364

Ресейде туған қазақстандық теннисшілер жарысқа қатысудан бас тартып жатыр

Юлия Путинцева Олимпиадаға қатысудан бас тартты.

Ресейде туған қазақстандық теннисшілер жарысқа қатысудан бас тартып жатыр
Fran Santiago/Getty Images for ITF

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Париж олимпиадасына қатысудан бас тартты. 

Қазақстан теннис федерациясы Путинцева Парижде жаттығып жүріп, жарақаттанып қалғанын айтады. Спортшы Парижге бірнеше күн бұрын келіп, олимпиада ауылына орналасқан еді. 

Бұған дейін Елена Рыбакина да "денсаулығына байланысты" Париж ойындарына келмеген. Путинцева да, Рыбакина да Ресейде туып, кейін Қазақстан азаматтығын алған теннисшілер. 

Теннистен енді Александр Бублик пен Александр Недовесов қана қалды. Бублик Ресейден, Недовесов Украинадан келген. 

Материал авторы