Димаштың «Singer» байқауы кезінде айтқан сөзі дауға ұласты

28.07.2024, 10:29
1899
Димаштың «Singer» байқауы кезінде айтқан сөзі дауға ұласты Kazinform

Димаштың бірауыз сөзі «Singer 2024» байқауының әділетсіз өтетінін аңғартқандай болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Димаш Құдайберген 26 шілдеде «Singer 2024» ән байқауының ақтық бәсекесі кезінде айтқан сөзі қытайлық көрермендер арасында ұлкен дауға ұласты. 

Финалдық бәсекенің екінші кезеңінде, Димаш канадалық танымал әнші Фаузияға сыбырлап сөйлеген сөзі тікелей эфирде көрермендерге естіліп қалған.

Димаш Канадалық әншіге "Олардың айтуынша, Сенің алдыңда қытай әншісі болуы керек (They said, It must be Chinese before you)" деген. Ал Фаузия оған "жақсы, мәселе жоқ" деп жауап берген.

Байқау қорытындысы бойынша, Фаузия жеңімпаздар қатарынан көріне алмай, қытайлық әнші На Ин жеңімпаз атанып, Таң Вэйвэй және Сун Нан үздік үштіктен көрінді.

Осылайша, қытайлық телекөрермендер және әлеуметтік желі пайдаланушылары «Singer» шоуының шынайылығына күдіктеніп, жобаны ұйымдастырушыларға наразылық білдірді.

Артынша, Димаш Құдайберген weibo парақшасында түсініктеме беріп, Фаузия онымен бірге өнер көрсетуді сұрағанын, ал ұйымдастырушылар оған қытай әншісі болуы керек (Must be a Chinese singer "for" you) деп айтқанын жеткізді.

Айта кетейік, Димаш араға 7 жыл салып «Singer 2024» ән байқауының сахнасына оралып, ақтық бәсекенің алғашқы кезеңінде құрметті қонақ ретінде америкалық танымал әнші Шанте Торрейн Мурмен бірге өнер көрсетіп, Lose Control әнін шырқады.

Сондай-ақ, Шанте Мурдың финалдық бәсекенің екінші кезеңіне өтпей қалуы қытайлық әлеуметтік желіде жанкүйерлердің наразылығына ұшыраған болатын.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды