Елдос финалда менің кимономды киіп шығып чемпион атанды – Наохиса Такато

28.07.2024, 14:34
8415
Елдос финалда менің кимономды киіп шығып чемпион атанды – Наохиса Такато жеке парақшасынан

Токио олимпиадасында қарсылас болған Такато Елдосқа жанкүйер болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,Францияда  өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалында Елдос Сметов татамиге Жапонияның даңқты дзюдошысы Наохиса Такатоның кимоносын киіп шыққан. Бұл туралы Kazinform тілшісіне спортшының өзі айтып берді. 

«Мен Елдосты жеңісімен құттықтаймын. Ол финалда мен сыйлаған кимононы киіп шығып, чемпион атанды. Қазақ елі, алғашқы алтын жүлде құтты болсын. Біз Елдос екеуміз татамиде қарсылас болсақ та, өмірде доспыз. Оған деген құрметім ерек. Ол Қазақстанның ең танымал спортшыларының бірі екенін білемін. Елдос – мықты спортшы. Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржыны жүлдеге тола берсін», - деді даңықты жапониялық спортшы.

Айта кетейік, Елдос Сметов пен Наохиса Такато Рио және Токио Олимпиадасында жеңіс тұғырынан бірге көрінген. Отандасмыз 2016 жылы Риода күміс жүлдегер атанса, жапониялық дзюдошы қола жүлдеге қол жеткізген. Ал, Токиода Такато чемпион болса, Елдос қола медальға иелік етті.

Міне, биыл Елдос чемпион атанды. Алайда, Такато биыл Париж Олимпиадасында өнер көрсеткен жоқ. Ол Токио олимпиадасынан соң мансабын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалында жергілікті татами шебері Лука Мхеидзені ұтып, Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды