743

Азаматтық некедегі әйелін сабады деп айыпталған Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Желіде қоғам қайраткері Арман Шораевтың әйелді соққыға жыққан видеосы тараған еді. Араға уақыт салып Шораевқа қатысты қылмыстық істің тоқтағаны белгілі болды. Бұл туралы Михаил Козачковтің Telegram арнасы жазды.

Азаматтық некедегі әйелін сабады деп айыпталған Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екі жақтың бір келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. 

Еске салайық, қоғам белсендісі Арман Шораевтың елорда көшелерінің бірінде азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соққан видеосы тараған еді. Алайда Шораевтың өзі бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды. 

Ол Facebook желісінде "жасанды интеллекттің құрбаны болғанын" және журналиске қарсы арыз түсіретінін хабарлады.

"Мұның бәрі өтірік. Мен ешқашан ешкімді ұрған емеспін. Бұл арандатушылық және қара пиар үшін Козачковқа ақша төленеді", — дейді Арман Шораев.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор