«Етегіне жем салып, есекке бердік»: анасы Қайрат Нұртастың қатты сырқаттанып қалғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
29.07.2024, 18:34
4652
«Етегіне жем салып, есекке бердік»: анасы Қайрат Нұртастың қатты сырқаттанып қалғанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың бала күнінде қатты ауырғанын есіне алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі ауырғанда дәрі ішпеуге тырысатынын жасырмады. 

Өмірімде ауруханаға жатып көрмегенмін. Балаларым ауырғанда да жатпадым. Бір уақытта Қайрат ауырып, жаттық. Түнде ауруханадан қашып шықтым. Үстіне қызыл бөртпе шығып кетті. Медицинадан ем қонбады. Содан Нұрекеңе айтып, есек іздеуге шықтық. Талғар жақтан есек табылып, Қайратқа кең жейде кигізіп, етегіне салып жем бердік. Содан есекжем деген сырқатынан құлан-таза айықты. Қазақы ем-домдарды жақсы көремін. Қойдың майымен сылап, ыстық сорпа ішкізіп, балаларымды жазып аламын, – деді продюсер. 

Сонымен қатар өзі де косметологиялық процедураларды қолданбайтынын айтты. 

Бетіме көбіне массаж жасатамын. Массаж кәдімгідей бетімді тартып тастайды. Жақсы әсер етеді. Әжімдерімді кетіреді. Уколдан қатты қорқамын. Өйткені осыдан 5-6 жыл бұрын ботокс саламын деп біраз мимикаларым өзгеріп кеткен. Одан кейін бірден тоқтаттым. Ішектер арқылы бетті тазартып, дақтарды кетіретін, денсаулықты түзеуге көмектесетін компанияның өнімдерін қолданамын, – деп жауап берді Қайрат Нұртастың анасы. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады