«Қазақстанда тұрып жатырмыз, шетелде емес»: NARXOZ студенттерді ағылшын тілінен ақсағаны үшін оқудан шығармақ болған

30.07.2024, 15:15
696
«Қазақстанда тұрып жатырмыз, шетелде емес»:  NARXOZ студенттерді ағылшын тілінен ақсағаны үшін оқудан шығармақ болған бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда NARXOZ университетінде ата-аналар 800 баланы ағылшын тілін білмегені үшін бір сәтте оқудан шығаратынына наразылық білдірді. Айтуларынша математикаға басымдылық берген студенттерді ағылшын тілінен емтиханнан құлатқан. Бұл туралы Ктк арнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, университетте көбісі ІТ саласында жұмыс істеп немесе программист боламын деп оқуға түскен екен.

“Пәндердің бәрі ағылшын тілінде жүрейін деп жатыр ғой. Сондықтан бұлар ағылшын тілін белгілі бір деңгейде білу міндетті екен. Бірақ толық ақпарат болмағандықтан, естімеген. 800 бала өтпеген. Басқа пәндерінің GPA жақсы, жана көрдік. Үлгерімі өте жақсы. Тек қана ағылшын тілі курсы, ұстап тұрған”, – деді ата-ана Айжан Бекетова. 

Бұған дейін бірінші курс студенттері бір жыл бойы негізгі пәндерден бөлек, арнайы ағылшын курсын оқыған екен. Оқу жылының соңында шет тілінен екі рет емтихан тапсырған. Бірақ басым бөлігі қажетті балл жинай алма қалған. Студенттердің шет тілін үйренуден қарсылығы жоқ. Алайда олар университеттің оқыту бағдарламасына көңілдері толмайтынын жеткізді.

“Маған 89 балл алды деді. Бірақ мен ол балды білу үшін деканатқа келіп сұрауым керек. Неге олар бізге жіберілмей, жазылмайды, неге айтылмайды, неге қолымызға қағаз берілмейді? Мына жері қате дегендей. Неге біз білмейміз? Кейбір бала ағылшын тілін мүлдем білмейді. Олар А0 деңгейінен бастады. Жыл аяғында олар А2 деңгейін бітірді. А2-ні бітірсе, В1 деңгейін білу мүмкін емес, негізі”,- деді студент Елжан Нұрғаев.

Ата-аналардың айтуынша университет тым қатал талап қоюда.

“Қазақстанда тұрып жатырмыз, шетелде емес. Соның өзінде шетелде бір жыл фоундейшн береді, тілді оқытуға. Ал бізге бір жылда "профессионал керек" дейді. Оқыған жоқ, ондайды. Балаларға қиын болды ғой. Қазір енді далаға лақтырып тастайын деп тұр”, – деді ата-ана Мейрамгүл Беген.

Алайда университеттегілер мұның бәрін жоққа шығарды. Айтуларынша ағылшын тіліне бола биыл ешкім оқудан шығарылмайды екен. 

“Оқудан шығарылмайды. Келесі жылы, мысалы, қайтадан мүмкіндік береді. Қайтадан шетел тілін өтеді. Мемлекеттік грантқа ол ешқандай әсер етіп жатқан жоқ. Екіншіден, студенттердің үлгеріміне солардың жабылмаған сабақтары әсер етеді. Ол соған байланысты. Біріншіден, дискрет математика мен математикалық талдау. — Ал екінші курста өте алмай қалса, оны көре жатармыз, бір жылдан кейін”, – деді Narxoz университеті тіркеуші кеңсесінің басшысы Бахыт Амансейікова. 

Narxoz университетіне былтыр 3 мың 700 бала оқуға түскен.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген