8717

Нұрбек Оралбай өте қауіпті қарсыласына таяқ жегізді

Париж-2024: Нұрбек ширек финалға өтті.

Нұрбек Оралбай өте қауіпті қарсыласына таяқ жегізді
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті!

80 келі салмақта сынға түскен спортшы аустралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасты.

Алғашқы раундта Нұрбек 5:0 есебімен алға шыққан. Екінші раундта Каллум дәл солай қарқынды жұдырықтасып, Нұрбекті нокдаунға жіберіп үлгерді.

Матчтың жеңімпазы үшінші раундта шешілді. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Нұрбекке беріп, қазақстандық боксшы өте қиын кездесуде ширек финалға өтті. 

Материал авторы