ҰБТ-дан 1 балл жинаған қазақстандық түлек Түркияның үздік 10 университетіне шақырту алды
ҰБТ-дан 1 балл жинаған Ерасыл Уәлиев енді Түркияның Özyeğin университетінде жасанды интеллект және Анталия университетінде дизайн мамандығында оқиды. Бұл туралы Stan.kz жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ерасылға Түркияның 10 үздік университетінен ұсыныс түскен. Қазақстандық түлек желідегі парақшасында шақырту алған университеттердің тізімін жариялады.
-
Özyeğin University: Жасанды интеллект
-
OSTİM: Авиация және ғарыштық техника
-
Final University: Стоматология
-
Antalya Bilim University: Сәулет
-
World Peace University: Бағдарламалау
-
Doğuş University: Ойын дизайны
-
KOSTU: Бағдарламалау
-
Beykent University: Актерлік шеберлік
“Бұл табандылық пен мүмкіндік бағадан әлдеқайда маңызды екенін көрсетеді”, – делінген жазбада.
Education Industry қолдауымен Ерасыл Уәлиев Özyeğin университетінде жасанды интеллект және Анталия университетінде дизайн мамандығында оқиды.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор