776

Қазақстандық теннисшінің ойынын тамашалауға Зинедин Зидан келді

Кирилл Герасименконың жарысын Зидан тамашалаған.

Қазақстандық теннисшінің ойынын тамашалауға Зинедин Зидан келді
championat.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасында қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жарысты аяқтады.

Осылайша отандасымыз Олимпиада ойындарының 1/4 финалына шыға алмады. Үстел теннисінен сынға түскен ол Мысыр өкілі Омар Ассадқа 2:4 (11:8, 11:6, 10:12, 10:12, 9:11, 3:11) есебімен есе жіберді. 

Айта кететін жайт, Герасименконың ойынын атақты әлемнің футболшысы Зинедин Зидан тамашалаған болатын. Алайда отандасымыз сын сағатта өз шеберлігін көрсете алмады. 

Материал авторы