«Медиамагнат» Арманжан Байтасовтың жоғары лауазымды шенеуніктердің қылмыстық ісіне қатысы бар болып шықты

Аиса Махамбет Редактор
01.08.2024, 11:55
725
«Медиамагнат» Арманжан Байтасовтың жоғары лауазымды шенеуніктердің қылмыстық ісіне қатысы бар болып шықты жеке парақшасынан

"Медиамагнат" Арманжан Байтасов Алматыда жоғары лауазымды шенеуніктердің жерді заңсыз иемдену фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергелуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Байтасовқа қатысты ақпарат Козачков Telegram арнасында жарияланды.

"Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот процесі басталды. Айыптаушылар қатарында бұрынғы басқарма басшысы Алмасхан Ахмеджанов пен әкімдіктегі жер мәселесіне жауапты Ардақ Самамбетов бастаған жерге және құрылысқа рұқсат беруге қатысты бір топ шенеунік бар. Бұл іс мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, Алматының депутаттары мен ірі бизнесмендерге де қатысты іс", – делінген ақпаратта.

Істердің біріне Арманжан Байтасовтың да қатысы бар көрінеді.

"Күтпеген жерден құрылысқа бірнеше БАҚ иесінің де қатысы бар екені белгілі болды. Оның қатарында "Арт-Медиа Корпорациясы" ЖШС иелігіндегі "Тан Медиа Групп" ЖШС бар. Бұл Алматының орталығындағы "River Park" тұрғын үй кешенін салушы компания. Өткен жылы қыс мезгілінде бұл тұрғын үй кешенінің тұрғындары пәтерлерде жылу жүйесі жұмыс істемейтініне шағымданып, шу шығарған. Антикордың хабарлауынша бұл кешен заңсыз салынған. Ал бұл аумақта үй салуға болмайтынын біле тұра құжаттарды бұрмалап, құрылысқа рұқсат берген. Алмасхан Ахмеджановтың күйеу баласы бұл тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлікке ие болып, мүлікті лайықты жеңілдікпен сатып алған. Пәтер 30 миллион теңгеден асады, бірақ сатып алушы оны 9 миллион теңгеге алған", – делінген ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, Ахмеджановқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

“Шенеуніктер жеке тұрғын үй салуға арналған аумаққа тұрғын үй кешендерін салуға рұқсат берген. Мысалы, Ахмеджановпен келісімге келіп заңсыз әркет жасағандардың бірі Борис Чен. Чен қазір екі тұрғын үй кешенін салу кезінде ақша жымқырғаны үшін жазасын өтеп жатыр. Ол қала құрылысы бөлімінің басшысын екі жер теліміне бірнеше үй салуға рұқсат бекітуге көндірген. Оның бірі – жеке тұрғын үй құрылысы болса, екіншісі – жалпы шаруа қожалығы. Мемлекетке келтірілген шығын 150 миллион теңгеден асқан”, – деп атап өтті журналист.

Еске сала кетейік, осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеунік жер телімдерін беру және нысандардың құрылысына рұқсат беру кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенін хабарлады. 

«Болашақ палуан»: Қозыны 30 рет көтеріп тұрған маңғыстаулық бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео) Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған әншіге айыппұл салынды «Миллион ақша салса да, елене алмай жүр»: Гүлзира Айдарбекова танымалдыққа қатысты пікір білдірді «Бала сүйе алмайтынымды әйеліме бір ай бойы айта алмадым»: «Мақсат пен Мақсат» тобының әншісі жан сырын ақтарды (ВИДЕО) Енді eGov арқылы жеке дерегің тарап кеткенін білуге болады Наурыз мейрамы қарсаңында үшем босанған көпбалалы ана перзентханадан шықты Астанадағы элиталық тұрғын үй маңынан жас жігіттің денесі табылды Арғын Нығматулин қылмыстық іс қозғалғанға дейін елден кетіп қалғаны белгілі болды «Қазақпын, бірақ отаным – Ресей»: Ресейге жеңіс сыйлаған әлем чемпионы Салтанат Меденова мәлімдеме жасады Меруерт Түсіпбаева бірнеше жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайына алаңдады «Балалармен қатынасқа түскенін түсірген»: Қарағандыда туған қыздарын жыныстық құлдыққа сатқан аналар ұсталды «Сотқа қатысудан бас тартты»: Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасы айтқан мәлімдемеге жауап берді «Бишімбаевтың әйелінің тағдырын қайталағым келмейді»: Ақтөбеде күйеуінің қолынан көз жұмған келіншектің хаты жарияланды Шерзаттың отбасы 5 банктен алған несиелері кешірілген Депутат Қазақстанда «күлкі шақыратын шарларға» тыйым салуды ұсынды Психдиспансерде санитарлар 17 жастағы емделуші қызды зорлаған «Дәрілерін мүлде ішпеген»: Журналист құлдықта болған қыздар жайлы сұмдық ақпарат айтты Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған 25 адам өмір бойына сотталды «YouTube, X, TikTok, Instagram»: Түркия бірнеше танымал платформаны қолдануға шектеу қойды Шольц пен Макрон алдағы уақытта да Украинаға әскери көмек көрсетуге уәде берді