«50 мың теңге»: Ырысбала Икрамбай енесін мақтаған оқырманына ақшалай сыйлық берді

Аиса Махамбет Редактор
01.08.2024, 18:34
1264
«50 мың теңге»: Ырысбала Икрамбай енесін мақтаған оқырманына ақшалай сыйлық берді жеке парақшасынан

Танымал блогер, қайырымдылық жасап баспанаға мұқтаж жандарды қуантып жүрген Ырысбала Икрамбай ақшалай сыйлық таратты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ол енесін мақтаған бейтаныс оқырманына 50 мың теңге беремін деп уәде етті. 

“Ана құрсағынан бала мына өмірге келгенде, қоршаған ортаға үйрену үшін қырық күн қайнаған суға шомылдырып,тамақтандыратын анасы диета ұстап, тіпті киімдерін жеке жуып үтіктеп кигізіп өбектейміз. Жалпы кез-келген қыз тұрмысқа шыққанда өзі білмейтін ортаға барып, екінші рет жаңа өмір бастайды. Сол уақытта қолдаулар мен түрлі қиындықтар қыз ғұмырымен қош айтысқан келінді жас шыбықты ыңғайға қарай майыстырады. Тиктокта "енеңнен естіген ең ауыр сөзің" деген тренд бар екен, жалпы терсең жамандық көп қой. Сол трендті жақсы жаққа қарай өзгертейікші: енеңнің әйтеуір бір рет болсын саған айтқан жақсы сөзі бар шығар немесе енеңізбен қызықты оқиғаңызды жазыңыз. “Енем жаман деме. Енемнен естіген жақсы сөзім: осының бәрі сенің арқаң дегені бар айналайындар. Осыны естіп 1 апта ұйықтай алмай қалғаным бар. Кімнің оқиғасы ең қызық, ең көп лайк жинайды 50 мың теңге жіберемін", – деп жазған болатын блогер. 

Байқаудың жеңімпазы анықталып, Ырысбала Икрамбай оқырманына уәде еткен сыйлығын жіберді.

"Өз анам инсульт алып жалғыз қараусыз қалғанда менің екі жақта қиналғанымды көріп: "Далаға тастайсың ба, үйге әкеліп бақ, ауруды ешкім сұрап алмайды" деп айтқанда нағыз аналық сезім ешқашан бос болмайтынын түсінгенмін, шүкір қазір 13 жыл болды анам да, енем де қасымда", – деп пікір қалдырған оқырман жеңімпаз атанды. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді