Студенттік омбудсмендер Алматы университеттерінің жатақханаларын тексерді

02.08.2024, 10:29
501
Студенттік омбудсмендер Алматы университеттерінің жатақханаларын тексерді arh-gavriil.bsu.edu.ru

Студенттік жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Омбудсмендер институты «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының Төрағасы, республикалық студенттік Омбудсмен Ұлан Наукен мен Алматы қаласы бойынша өңірлік студенттік Омбудсмен Әділхан Төлепберген Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің және Сәтбаев Университетінің жатақханаларына мониторинг жүргізді.

Студенттердің алаңсыз оқып, жақсы маман болып шығуы үшін материалдық-техникалық базаның мықтылығы маңызды рөл атқарады. Мониторинг барысында университетке қарасты студенттік жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығы және тұрғын бөлмелерді бөлу критерийлері мен тұрмыстық жағдайларымен танысты. Білім алушылар үшін жасалған әлеуметтік қолдаулар, атап айтқанда, оқу-дайындық залдары, компьютерлік сыныптар, мәдени іс-шаралар өткізуге арналған Акт залы, медициналық кабинет, ас дайындау бөлмесі, кір жуу бөлмесі, тазалық және жатын орындар назарға алынды. Омбудсмендер студенттерге қажетті жиһаздар, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналары мен ас әзірлеу плиталарының техникалық жағдайына аса мән берді.

Мониторинг барысында тексерушілер жазғы каникулда «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы құрамында жұмыс істеп, жатақханада тұрып жатқан білім алушылармен сұқбат жүргізді, жағдайларымен танысты. Жатақханаларда жастардың бос уақытында қосымша ізденіп, мәдени, спорттық шаралармен айналысуына толық жағдай жасалынған.

Тексеру барысында ас бөлмелеріндегі үстелдердің техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес отқа төзімді материалдан болуы қажет екендігі, ас бөлмеде өрт сөндіру құралдарының арнайы орында ілінуі тиістігі ескертілді.

Қазіргі таңда ҚазҰАЗУ және Сәтбаев универсеті базасындағы жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығы тұрақты назарда тұр.

Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті