Түркістанда сот «күйеуін қылқындырып өлтірген» әйелдің ісін қарай бастады

02.08.2024, 15:20
756
Түркістанда сот «күйеуін қылқындырып өлтірген» әйелдің ісін қарай бастады azattyq

49 жастағы әйел күйеуін өлтіріп тастаған. Балалар марқұм әкелерінің үнемі әйелді ұрып-соққанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 тамызда Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 30 жыл отасқан "күйеуін өлтірді" деп айыпталған 49 жастағы Лобар Хажиеваның ісін қарай бастады.

Хажиева “Адам өлтіру” бабымен тағылған айыпты ішінара мойындап, марқұм күйеуінің ағасынан кешірім сұрады. Жәбірленуші кешірім бермейтінін мәлімдеді.

Прокурордың сөзінше, оқиға 12 сәуір күні кешке марқұмның үйінде болған. Іс материалдарына қарағанда, ішімдік ішіп келген күйеуі әйелінен арақ сатып алу үшін ақша тауып беруді талап еткен. Әйелі берген ақшаға арақ ішіп келген күйеуі ізінше әйелінің бетіне түкірген. Прокурордың сөзінше, күйеуінің бұл қорлығына шыдамаған Хажиева оны киімінің белбеуімен үйінің ауласында қылқындырып өлтірген. Сөйтіп айыпталушы “ішімдік ішіп, отбасының мазасын алып, жүйкесіне тиген” күйеуін "қасақана өлтіріп, аса ауыр қылмыс жасаған".

Айыпталушы мен марқұмның кәмелет жасына толған ортақ төрт баласы бар.
17 сәуір күні Азаттыққа төрт баланың тұңғышы “Әкем ішімдік ішетін. Анамды ұрып-соғатын. Талай рет үйден қашып, далада түнедік. Анамның кінәсі жоқ” деген.

Қарамұрт ауылының учаскелік полицейі марқұмның ішімдік ішкенін, отбасында жанжал шығарып, тұрмыстық зорлық-зомбылық бабы бойынша айыпталып, 2019 жылы "полиция қамқорлығына алынғанын" айтқан. Дегенмен 2023 жылдан бері әйелі күйеуінің үстінен қандай да бір шағым түсірмеген.

2023 жылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданында "зорлық-зомбылық көрдім" деген әйел 14 жыл бірге тұрған күйеуін пышақтап өлтіріп, бөлшектеп өзенге ағызып жіберген. Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны 15 жыл бас бостандығынан айырған. Сотталушы мен марқұмның ортақ үш баласы бар. Кәмелет жасқа толмаған балаларды мемлекет уақытша қамқорлыққа алған. Балаларды кімнің қамқорлығына берілетінін сот шешеді.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады