Атырауда алты бала бірінен кейін бірі өлген

Аиса Махамбет Редактор
02.08.2024, 16:51
962
Атырауда алты бала бірінен кейін бірі өлген christianabella

Қорқынышты статистиканы облыстық прокуратура мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шілде айында Атырау облысы бойынша 6 бала әртүрлі оқыс оқиға кезінде қаза тапқан. Аймақтың прокуратурасы әртүрлі саладағы қызметкерлердің салақтығынан болған осы өлім-жітімді тексеріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

«4 шілдеде Жеңіс саябағында қыз баланың үстіне дұрыс бекімеген ескерткіш құлап кетті.  Бір аптадан кейін, 10 шілдеде балабақшада бір бала септикке құлап, төрт күннен кейін қаза болды. 14 шілдеде қаланың орталық бассейнінде қыз бала суға батып кетті, ал 26 шілдеде фонтанда тағы бір қыз бала сорғының (насос) салдарынан көз жұмды. 27 шілдеде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында жасөспірім мотоциклмен түйеге соқтығысып, алған жарақаттарынан жан тапсырды. Ертеңінде көпқабатты үйлердің бірінен 15 жасар оқушы терезеден секіріп, өз-өзіне қол жұмсады», - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Қорқынышты статистикаға байланысты облыстың прокуратурасы әрбір істі бақылауға алған.

«Әрбір іс біздің ерекше бақылауымызда. Қазір біз осы қайғылы оқиғаларға себеп болған тұлғаларды анықтап, оларды жауапқа тарту мақсатында тиісті жұмыс атқарып жатырмыз», - дейді облыс прокуроры Бауыржан Жұмақановтың сөзін таратқан баспасөз қызметі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды