Сот журналист Думан Мұхаммедкәрімді жеті жыл түрмеге кесті

03.08.2024, 10:50
705
Сот журналист Думан Мұхаммедкәрімді жеті жыл түрмеге кесті жеке парақшасынан

Сот үкімі онлайн оқылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қонаев соты "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жыл түрмеге кесті. Бұл жөнінде адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

Бұған қоса, сот журналиске үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салды.

"Үкімді міндетті түрде апелляцияға береміз. Қазір Думанды Талдықорғанға әкетейін деп жатыр" деді адвокат Азаттыққа.

Сот үкімі онлайн оқылды, оған ақапарат құралдары мен жақтастары қатыса алмады. Тараптардың өздері Zoom-мен қатысқан.

Бұған дейін прокурор журналисті жеті жылға бостандығынан айырып, үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұраған еді.

"Не дейді?" YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім "Экстремизмді қаржыландырды" және "Тыйым салынған ұйым жұмысына араласты" деген күдікпен былтыр маусымда қамауға алынған.

Құқық қорғаушылар "саясиланған іс" деп таныған журналистің жабық соты биыл ақпан айында басталған. Сот кезінде Думан Мұхаммедкәрім "тағылған айыпты жала" деп атап, "конституциялық құқығы бұзылғанын, тергеу амалдарының бірде-біріне қатыспағанын" айтып, сотты "цирк" деп атаған еді. Журналист бұл менің аузымды жабу үшін ойдан құрастырған айып" деген. Ізінше прокурор сотты жабық өткізуді өтініп, судья қанағаттандырған. Журналистің жақтастары, белсенділер соттың жабық өтуіне қарсы болған.

Іске журналистің шетелде тұратын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі, оппозиционер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған. Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды