«Әкеме Құран оқытамыз»: Анна Данченко анасының қатты сырқаттанып жатқанын айтты (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
03.08.2024, 12:15
5601
«Әкеме Құран оқытамыз»: Анна Данченко анасының қатты сырқаттанып жатқанын айтты (ФОТО) жеке парақшасынан

«Аллаға бәрін тапсырсаң - өзі реттейді» дейді журналист.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияда демалып қайтқан танымал тележүргізуші Анна Данченко өміріндегі өзгерістерді әңгімелеп берді.

Айтуынша, ол анасы ауырып жатқандықтан бес жылдан бері демалысқа шықпаған көрінеді.

«Түркиядағы 5 күндік демалысымды 5 жыл күтіп, ол болса 5 минуттай өтіп кетті. Бұл демалысым жоспарлы түрде болды деп айтсам қателеспеймін, себебі үйден де, қаладан да, тіпті мемлекеттен шығуым оңай емес. Анам қолымда, үлкен кісіге қарау, көңілін табу оңай емес, білесіздер. Оған қоса ауырып жүргеннен кейін жанынан алыс кете алмаймын.

Биыл Әкеміздің өмірден өткеніне 2 жыл, тамызда, бұйыртса, ас беріп, Құран оқытамыз. Ресейден Әпкем келді», - деді ол.

Сондай-ақ ол демалысты бірге жоспарлаған қыздардың өзін тастап кеткенін айтты.

«Жұмыстан сәл қолым босап еді, қыздармен демалысты жоспарладық. Үш адамға саяхаттаған қызығырақ және де арзандау. Бірақ, олар аяқ асты, менен бір күні ерте және басқа құрбыларымен кететін болып, мен жалғыз қалдым. Әрине, мен үшін 1 күн де маңызды, әпкем келмейінше Анамды тастап кете алмаймын дедім.

Өз шешімдері, ренжіген жоқпын, бірақ біртүрлі болып қалдым, себебі мен үнемі өзімді емес, өзгелерді 1 орынға қоятынмын. Сөйтсеееееем, әр адам бірінші өзін ойлайды екен ғой. Аңқау емес едім, тым ақкөңілмін ба, сондаймын.

Әңгіменің қысқасы, 1 адамдық демалысты сатып алдым, бірақ екі адамның ақшасын төледім. 1 млн теңгеден асты енді((( Жақсы қонақ үй таңдадым, жалпы, қанша еңбек етсем де өзімнен аяп жүріппін. Сонда, Әке-шешемнен басқа “рахмет” деп айтып жатқан жан жоқ, былай қарасам.

Әбден жұмыс істеп, айналамдағы адамдарды қуантуға тырысатынмын. Өзіме ше? Бұл сұрақты өзіме енді қойып, жауабын енді алғандаймын. 

Бұндай ақшаға 5-ақ күн аз дерсіз, иә, келісемін. Алайда, осы жасқа келіп, өзіңе де бір сәт бөлу керек екенін түсіндім. Қазір қаласам өзім киноға да, кафеге де бара беремін жалғыз. Өзіммен өзім серуендеп те жүре беремін. 

“Адамға адам керек”. Алла бұйыртса, ол күн де келер. Көбісі, қыздарға ренжіп қалыпсыз дейді. Жоооооқ! Керісінше, қанша жыл стрессте жүріп, жалғыз өзім барып демалып қайтқаныма қатты қуандым. Рас айтам! Маған сол нәрсе қатты керек болған екен. Ал, “Аллаға бәрін тапсырсаң - өзі реттейді” деген сөздің жаны бар. Тағы да көзім жетті.

Ешкімнен ешнәрсе күтпеңіздер! Барлығы Сіз жоспарлағандай болмауы да мүмкін, бірақ шын ниеттеніп, дұға етіп, Алладан сұрасаңыз, Сізге мың есе артығымен береді. РАС!, - деп жазды ол.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды