«Бес адамды өлтірген»: Ақмола облыстық соты 20 жыл бойы жалған құжатпен жасырынып келген банда басшысына үкім шығарды

03.08.2024, 14:10
771
«Бес адамды өлтірген»: Ақмола облыстық соты 20 жыл бойы жалған құжатпен жасырынып келген банда басшысына үкім шығарды Sputnik

Ақмола облыстық соты аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған банда басшысына үкім шығарды. Ол бес адамды өлтіріп, түрлі қылмыс жасағаннан кейін 20 жылдай жасырынып жүрген. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іс материалдарына сәйкес, азамат К. 1998 жылдың қаңтары мен 1999 жылдың қаңтары аралығында бөтеннің мүлкіне шабуыл жасау және ұрлау үшін қарулы топ құрған. Сонымен қатар ол бес адамды өлтірді деп айыпталды.

Ол жалған құжаттарды пайдаланып 20 жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген.

“Сот куәгерлердің айғақтары мен сараптамалардың қорытындылары, сондай-ақ Ақмола облыстық сотының 1999 жылғы 13 желтоқсандағы к. ұйымдастырған қарулы топтың басқа да фигуранттарына қатысты заңды күшіне енген үкімі негізінде К. - ның кінәсін анықтады.

Сот жазаны тағайындау кезінде жәбірленушілердің өтініштерін ескерді. Олар қатаң шара тағайындауды сұрады”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, К.-ның қылмыстық жауапкершілігін ауырлататын мән-жайлар да ескерілген. Ол қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде қару қолданып, билік өкілінің арнайы киімін киген.

“Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігі бойынша (1997 жылғы редакцияда) судья қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде төтенше қауіпсіздікті өтей отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

ҚК-нің 69-бабының 5-бөлігіне сәйкес (1997 жылғы редакцияда) өмір бойына бас бостандығынан айыру 25 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – делінген хабарламада. 

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті