«Оқушыларға шомылмауды ескерту керек»: Қостанайда мұғалімді өзен жағасына мәжбүрлі түрде кезекшілікке тұрғызып қойған

03.08.2024, 18:28
823
«Оқушыларға шомылмауды ескерту керек»: Қостанайда мұғалімді өзен жағасына мәжбүрлі түрде кезекшілікке тұрғызып қойған alaukz

Қостанайда тұрғын мұғалімдерді Тобыл өзенінің жанындағы демалыс орындарында кезекшілікке мәжбүрлеп тұрғызып жатқанын айтып шағымданды. Айтуынш, бұл олардың міндетіне кірмесе де балаларды суға түспеуге шақыру бұйырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тұрғын кезекшілікке тұрғандардың негізгі міндеті кәмелетке толмағандарға ешкімге ескертусіз шомылуға болмайтын айтып, профилактикалық әңгімелер жүргізген.

“Егер балалар бас тартса, онда сіз оларды суретке түсіріп, басшылыққа жіберу керексіз. Өткені бізге құтқаруға тыйым салынған. Маусым айында ТЖМ бұл туралы түсіндірген еді. Кезекшілік 17 тамызға дейін болады. Тобыл жағалауында КЖБИ ауданында және корей көпірінің жанында кезекшілік етеміз. Білім бөлімінен келіп, тексереді. Бәрімізге ерікті-мәжбүрлі түрде айтылды! Ал жағажайда гимназияда кешкі 6-дан бастап физруктар болады", - деді Қостанай тұрғыны.

“Наша газета” порталының дерегінше, Қостанай № 2 мектеп-лицейінің директоры Ирина Шушпанова кезекшілікке мәжбүрлеу болмағанын мәлімдеді.

"Иә, жазғы кезеңде "Жас құтқарушы" бейіндік алаңы жұмыс істейді. Оның шеңберінде балалармен түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша практикалық іс-шаралар өткізіледі. № 2 мектеп-лицейде бұл алаңының жұмысын жазғы демалыс кезінде өз еркімен жұмыс істеуге ниет білдірген екі мұғалім жүргізді", - деді Ирина Шушпанова.

Бұған дейін Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Жәнібек Кәрімбаев өңірдің су айдындарында кезекшілік үшін қоғамдық құтқарушылар жетіспейтінін жеткізген болатын.

"Шынымды айтсам, қоғамдық құтқарушылар жетіспейді. Егер жастар бізге көмектескісі келсе, біз оларға жүзуді және медициналық көмек көрсетуді үйретеміз", — деді Жәнібек Кәрімбаев.

Ал Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ахметқалиев сол себептен құтқарушы-жасаққа жұмыссыздарды қабылдайтынын жеткізді. Айтуынша олар іске кіріспес бұрын арнайы оқу-жаттығуынан өтеді екен. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды