«Қазақ боксшыларын аяқтан шалып жатыр»: танымал сарапшы мәлімдеме жасады

Аиса Махамбет Редактор
03.08.2024, 20:41
1566
«Қазақ боксшыларын аяқтан шалып жатыр»: танымал сарапшы мәлімдеме жасады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Сарапшы қазақстандықтардың сәтсіздігіне Головкиннің айтқан сөзі әсер етті дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көптеген бокс сарапшылары мен жанкүйерлер Олимпиададағы бокс төрешілігін талқылауда. Себебі басым көпшілік төрешілер қазақ боксшыларының жолын байлады деген пікірде. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Басқа-басқа, дәл қазақстандық боксшылардың жекпе-жектерінде ұпайды қарсыласқа беру, соққыларды дұрыс есептемей қою секілді жағдайлардың көзге көрініп тұрғаны жиі айтылуда.

Нұрбек Оралбай мен Сәкен Бибосыновтың айқастарында да төрешілердің белден басуы сезілді.

Осы орайда Nekarate телеграмм-арнасы бұл жайтқа қатысты пікір білдіріпті. Автордың ойынша, қазақстандық былғары қолғап шеберлеріне қатысты мұндай көзқарастың қалыптасуына Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) жұмысын сынап, Қазақстан ұйымның қатарынан шығуы керек деген сөздері себеп деп санайды.

«Мен Олимпиададағы бокс турнирлерінде қазақтардың аяғын неге сонша шалып жатқанын қазір ғана түсіндім. Головкин IBA жұмысына қарсы шығып, "World boxing" әлдеқайда қызық екенін айтты. IBA-де тікелей тіркеуде тұрған төрешілер Олимпиада комитетінде жоқ шығар, бірақ бүгін жұмыс істемейтін адам ертең жұмыс істеуі мүмкін, бәлкім өзара дос шығар, әлде қалталарына ақша салып қойды ма екен, тіпті басқа бір келісімдар бар ма, кім біледі. Сондықтан қазақтардың аяқтарынан барынша шалып жатыр», - деп жазды Стас Nekarate.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды