«Бекет Махмұтовтың кезінде мұндай болмаған»: боксшылардың сәтсіздігіне кім кінәлі?

03.08.2024, 21:10
3318
«Бекет Махмұтовтың кезінде мұндай болмаған»: боксшылардың сәтсіздігіне кім кінәлі? olympic.kz

Қазір Қазақстан бокс федерациясын Шахмұрат Мүтәліп деген азамат басқарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасы Қазақстан бокс құрамасы үшін өте сәтсіз болды. Дәл осындай пікірді ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып отыр. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Айта кетейік, Франция астанасына Қазақстанның ерлер құрамасы толық құрамда – жеті боксшымен барған болатын. Алайда, олардың тек біреуі ғана жартылай финалға өте алды. Ал, қыздар құрамасында барған үш боксшының екеуі жеңілді, тек Назым Қызайбай ғана ширек финалға жолдама алды.

«Бірінші бол» YouTube-каналының кезекті шығарылымы Париж Олимпиадасындағы боксшыларымызға арналған болатын. Эфир қонағы болған белгілі спорт журналисі Шалқар Естен сәтсіздіктерге тек боксшылар ғана кінәлі емес дегенді айтты. Оның пікірінше, қазақстандық спорт шенеуніктерінің беделіне де көп мәселе байланысты.

«Марқұм Бекет Махмұтов ағамыз Бокс федерациясын басқарған кезде қазақ боксшылары Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетті. Мәселен, Сиднейде Бекзат Саттарханов пен Түркиялық Рамазан Поляни жұдырықтасар алдында Түркия тарапы бір чемодан ақша алып келіп, жекпе-жектегі жеңісті сатып алмақ болған дейді. Бірақ, Бекет Махмутов принципке барып, сатып жібермеген, Нәтижесінде Бекзат медаль жеңіп алды», - дейді ол.

Айта кетейік, Бекет Махмұтов Қазақстан бокс федерациясын 1998-2007 жылдар аралығында басқарды. Оның уақытында Қазақстан құрамасы екі Олимпиадаға қатысып, үш алтын медаль жеңіп алды.

 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды