Олимпиада медалінің суретін сақтап алып, соны армандап жүрдім — Нариман Құрбанов

04.08.2024, 11:03
1346
Олимпиада медалінің суретін сақтап алып, соны армандап жүрдім — Нариман Құрбанов olympic.kz

Үнемі бағдарламаның соңында құлап қалатынмын дейді Нариман.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан күміс медаль жеңіп алған Нариман Құрбанов жеңістен кейінгі әсерін бөлісті. Бұл туралы Kazinform жазды

«Снарядқа келдім де, комбинация басталар алдында басқа ештеңе ойламай, тек жаттығуды соңына дейін орындадым. Іс-қимылдың бәрін қалай сәтті орындап шыққанымды өзім де түсінбей тұрмын. Ұзақ жылдар бойы жасап жүрген комбинацияны автоматты түрде орындап шықтым. Қазіргі олимпиадалық циклді есепке алар болсақ, мен бағдарлама соңында жиі құлайтынмын. Бұл менің техникалық немесе тактикалық тұрғыдағы кемшілігім емес. Психологиялық тұрғыдан беріліп қоятынмын. Бүгін бар тәжірибемді жинап, ең маңызды турнирде білгенімді түгел орындадым. Соның нәтижесінде осындай жетістікке қол жеткізіп отырмын», — деді спортшы.

Сонымен қатар, Париж Олимпиадасының медалі алғаш таныстырылғанда соның суретін өзіне сақтап қойғанын, сол медальға қол жеткізуді армандағанын да атап өтті. 

«Осы маусымдағы әрбір жарыс алдында сол суретке қарап, осы медальді қайтсем де аламын деп алдыма мақсат қойдым. Міне, бүгін сол мақсатқа жеттім. Және сол мақсатқа жету үшін жұмыс істедім. Елімізде бұл медальді қалай қабылдайтынын, халықтың қалай қуанып жатқанын жақсы түсінемін. Қазір бұл медальді ұстағаннан бұрын еліміздің қуанып жатқанын көру — мен үшін бақыт. Еліме тарихи жүлде сыйлағаным үшін бақттымын», — деді Құрбанов. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ел қоржынына Париж Олимпиадасының тұңғыш күміс жүлдесі түсті.

Оны спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов жеңіп алды.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген